Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavСүйектен, тұяқтан және мүйізден жасалатын бұйымдар

Сүйектен, тұяқтан және мүйізден жасалатын бұйымдар

Дәстүр

Қазақ халқының негізгі шаруашылығы малға байланысты болғандықтан, олар малдың етін, сүтін, майын, терісін, жүнін, сүйегін, мүйізін, тіпті тезегіне дейін тұрмысқа жаратып пайдаланған.  Малдың сүйегі мен мүйізі көбіне зергерлік бұйымдар мен тұрмыстық құралдарға лайықталған, тіпті «Асық», «Ақсүйек» ойындарында ойнаған. Малдың омыртқаларымен пал ашып, ауа-райының болжамдарын жасаған.

Семіз жас малдың қайнатылмаған сүйегі оюға, өрнектеуге ыңғайлы болса, май сіңген сарғыштау, шытынамайтын майысқағы тесуге де, кесуге де, ақсары түсті әдемі өң беруге де қолайлы. Семіз жас малдың сүйегі кеуіп шатынаймайды, өңі де бұзылмай, ұзақ сақталады.

Сүйек ұқсатушы зергерлер, әсіресе түйе мен жылқы сүйегін қадірлейді. Оның себебі бұлардың сүйегінде қара кемік болмайды және олар ұзақ сақталған сайын сарғыштартып, ажарлана түседі. Ал ожаудың сабы, тегене, табақ, піспек сияқты заттарға сиыр сүйегі де жарайды.

Асық – Жіліктің басындағы асықтар жуылып, боялып ойын ойналған.
Ескек – Жылқының қос жауырынан жасалады.
Қамшы сабы – Ақбөкен мүйізінен жасалады.
Қасық – Арқар және таутеке мүйізінен жасалады.
Қож – Жылқының жауырын сүйегінен жасалған қалақ.
Желпуіш – Жылқының құйрығынан маса, шыбын-шіркейден қорғану үшін жасалады.
Қымыз ожау – Арқар және таутеке мүйізінен жасалады.
Сабаутіс – Жылқының тұяғы мен сүйегінен жасалатын, жылқы құйрығын тарауға арналған құрал.
Сойшаңғы – Жылқының жіліншік сүйегін екіге жарып жасалған шаңғы.
Сүйек әшекейлері – Жылқы мен түйенің асық жіліктерінің жіңішке жағы (пышақ, қылыш, қанжар, ожау саптары, кебеже, төсек ағаш, сандық,тер,піспек басы адалбақанқ, қант тоқпақ, домбыра көркемделеді.
Тарақ – Жылқының тұяғынан жасалады (сиырдың мүйізінен де жасалады.
Шақша – Сиыр, серке мүйіздерден жасалады.
Шүмек – Қойдың асық жілігінен жасалды.
Тұяқтас –  Жылқының қос тұяғынан жасалған көне ұрмалы саз аспабы.
Тұяқ тақа – Жылқының  тұяғынан жасалған, лайсаң жермен жүруге арналған аяқ киім.

Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқаны мәлім. Сондықтанда  олар малды қалдықсыз өнім ретінде пайдаланды.  Осы себептенде  алғаш рет қазақ даласына “ақша” келгенде  біздің ақындарымыз “сауып ішер сүті жоқ, сойып жер еті жоқ, ақша деген пәле шықты” деп заманды зарлады. Сол ақша айналысқа әбден еніп, малдың орнын басты. Бірақ толығымен алмастыра алмады. Қазақ ауылдары қазірде даланы маңыратып, төрт түлікті өрбітіп, мамыражай күн кешуде.  Заманның озығына орай сүйек пен мүйізді қолдану жоқтың қасы, олар тек мұражайлар бұйымына айналған.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық тағамдар

Тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар

Зергерлік бұйымдар

Пікірлер

comments0

Пікір қосу