НегізгіhornavДәстүрhornavСаз аспаптары

Саз аспаптары

Дәстүр

Қазақтың саз аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа  аманат етілген мәдени мұра. Әдепкіде аспаптар қамыстан, ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасалған.

Оған халқымыздан мирас болған, ауыздан ауызға тараған жыр аңыздар, дастандар, ертегілер, толғаулар, жыр-термелер, күйлер т.б. айғақ бола алады. Ал аспаптар сипаттамасын өткен ғасырлардағы саяхатшылар, зерттеушілер, саудагерлер мен ғалымдар еңбектерінен білуімізге болады.

Қазақтың музыка аспаптары әлемнің басты мұражайларында сақталған. Саз аспаптарынан төгілген әрбір үнде табиғат сазы, аңдар мен құстардың үні, желдің дыбысы т.т. үндеседі.

Үрлеп ойналатын: бұғышақ, керней, қамыс сырнай, қос сырнай, мүйіз сырнай, саз сырнай, сыбызғы, тастауық ұран, үскірік, ысқырауық.

Шертіп ойналатын: домбыра, жетіген, шертер.

Қияқпен ойналатын: қыл қобыз.

Ұрып ойналатын: дабыл, даңғыра, дауылпаз, дұдыға, кепшік, шыңдауыл.

Сілкіп ойналатын: асатаяқ, қоңырау, шаңқобыз, шың.

Ұқсас жазбалар

Ет мүшелерінің атаулары

Киіз үй атаулары

Металл өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Пікірлер

comments0

Пікір қосу