Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavМеталл өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Металл өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Дәстүр

Қазақ халқы металл өңдеу жұмысын қолға алып, еңбек құралдарымен тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарды жасады. Темірді қыздырып соғу арқылы оларды иіп, қолға ыңғайлы етіп істеді. Әрбір ауылда ұстаханалар жұмыс істеп, ескі темір бұйымдарды жамап, жаңадан соғып өз қамдарын өздері жасады. Қазақ халқының “Темірді қызған кезде соқ” деген мәтелі темір өңдеу жұмысына байланысты өрбісі керек.

Атауыз – арасында өңделетін  металл затты қысып және бекітіп қоятын екі жақтаушысы бар құрал.
Балға – түрлі заттарды қағуға, ұруға арналған қол аспап.
Безеубас – күміске өрнек жүргізетін ұшында әртүрлі өрнектер нұсқасы бар қашау тәріздес құрал.
Егеу – металл заттарды егеп өңдейтін құрал.
Көрік – темір балқытатын пештің отын қыздырып теріден жасалған үрлеуіш.
Қалдау бас – металды тесетін және оның бетіне өрнек салатын құрал.
Қорам – оқ құюға арналған қалып.
Кемпірауыз – шеге суыратын құрал, тістеуік, атауыз.
Кескіш – бір жақ басы жүзді темір кесетін шапқы.
Қашау – металды тесетін құрал.
Қырғы – ағаш өңдейтін темір құрал, қырғыш.
Сүмсуір – металды созып, сым әзірлейтін сайман.
Түрпі – бетінде ірі бедері бар егеу.
Шапқы – қатты затты кесуге арналған құрал.
Шарық – арнайы жасалған дөңгелек тас.
Шаттауық – қатты затты кесуге арналған құрал.

Металдан жасалатын бұйымдар

Шаруашылық құрал-жабдықтары: аша, қақпан, тырма тістері, балта, қол орақ, шалғы, орақ, тырнауыш, елек, қырықтық, шот, жер ағаш тісі, шынжырлы тұсау, кетпен, күрек, отақ, пышақ.

Ер-тұрман, ат әбзелдері: айылбас, кісен, ауыздық, таға, әшекейлер, үзеңгі.

Үй бұйырымдары: кепсер, мосы, көсеу, ошақ, қазан, таба, металл  адалбақан, тайқазан.

Қару-жарақ: айбалта, пышақ, білтелі мылтық, сапы, дулыға, сауыт, қалқан, семсер, қылыш, сүңгі, найза, шоқпар.

Ыдыстар: самаурын, бақыраш.

Ұқсас жазбалар

Домбыраның құрылысы

Ұлттық ойын түрлері

Саз аспаптары

Пікірлер

comments0

Пікір қосу