Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavМата атаулары

Мата атаулары

Дәстүр

«Адам көркі шүберек» деп киім-кешектің түр-түсі мен пішіміне аса мән берген қазақ халқы маталардың түр-түрін тұрмыс-тіршіліктерінде пайдаланған. Қазақ халқы жіп иіріп оларды алаша тоқуға, арқан бау, басқұрлар жасауға, шұлық, қолғаптар тоқуға пайдаланған, бірақ қазіргідей мата шығару өндірісі болмаған. Қазақ халқы маталарды көбіне айырбас ретінде еншілеген.

Маталарды керуендер арқылы тапсырыс беріп, оларды малға, кейінірек ақшаға, алтын-күмістерге, зергелік бұйымдарға  айырбастап алған. Заман дамып технологиялар дәуірі өрлеп тұрса да Қазақстанда мата өндірісі немесе жеңіл өнеркәсіп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде емес.

Аңдабы – жұқа ақ мата.
Ақсаң – ақ мата, сұпы. Ақсаң  ақ мата, сұпы.
Барқыт – түгі тығыз жібек мата.
Баршын – жолақты жібек мата.
Бәтес – мақтадан тоқылатын жұқа ақ мата.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Бөз – жұқа, бостау мата.
Бүлде – сапалы, қымбат мата.
Доқаба – сырты түкті барқыттың жақсы түрі.
Дүрия – жылтырауық, тығыз, жібек мата.
Жібек – беті тегіс, жылтыр, қымбат мата.
Қамқа – зерлі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа – Жол-жолы бар жұқа жібек мата.
Құлпы – өңі құлпырып тұратын жібек мата.
Мақпал – тығыз тоқылған түкті әрі жұмсақ, қалың мата.
Масаты – жұмсақ, түкті барқыт, жібек мата.
Мауыт – оң жағы майда түкті келген қалың мата.
Патсайы – тығыз тоқылған жібек матаның бір түрі.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Үлде – қымбат жұқа мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ мата.
Шұға – жұмсақ майда түкті жүн мата.

Қазақ қыздары арасында осы мата атауларына орай  Барқыт, Баршын, Бәтес, Дүрия, Жібек, Қамқа, Қатипа,  Мақпал,  Масаты, Торғын, Шұға сынды есімдер жиі кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Бояу жасау дәстүрі

Ұлттық тағамдар

Қару-жарақ атаулары

Пікірлер

comments1

Түкті қалын мата

Алтынай

comment-date07.10.201812:48

Пікір қосу