Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavКиізден жасалатын бұйымдар

Киізден жасалатын бұйымдар

Дәстүр

Киіз қазақ тұрмысындағы көп қолданысқа ие заттардың бірі. Киізді негізінен қой жүнінен басады да төсеніш, аяқ киім, дорба, жабу т.б. мақсаттарда пайдаланады. Киіз таза табиғи өнім ретінде адам денсаулығына зиян тигізбейді. Сәндік үшін киізді табиғи бояулармен бояп әсемдеген. Киіз – қазақ халқының бренді. Қазіргі таңда оны заманауи технологиялармен өңдеп дизайнерлік заттарға қолдануда.

Киіздің қазақ тұрмысына етене сіңіп кеткені сондай, “киіз басу” биі өмірге келген, онымен қоса, киіз басу процедурасы тұнып тұрған тәрбие. Онда ісмерлік, шеберлік, ептілік, күш және өнер керек. Әйелдер киіз басу үстінде үнемі өлең айтып өз істеріне бар сүйіспеншілікті арнаған.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары: киіз есік, туырлық, түндік, үзік.
Киіз үй бұйымдары: аяқ қап, әбдіре жапқыш, керме, кесе қап, ірге киіз, қаршын, тұс киіз, тұтқыш, шәйнек қап.
Төсеніштер: от киіз, сырмақ (сырдамал), текемет.
Тоқым: желдік, тебінгі, терлік, тығылдырық, ішкілік, ішпек.
Киімдер: байпақ, кебенек, киіз етік, киіз қалпақ, пима.
Жабулар: жапқыш (суықтан қорғайды), сәндік жапқыш (кежім), жауық.

Ұқсас жазбалар

Зергерлік бұйымдар

Домбыраның құрылысы

Ағаш өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Пікірлер

comments2

Алима Айынова Ил

Керемет! Маған ұнады мен киізден бұйым жасауды үйренгім келеді.тел:87475268460

comment-date25.02.201808:30

мен исабеков ерб

мен сиздерден киізден жасалган буйымдарды уйренгим келеди менин уялы телефоным 87757675972

comment-date15.08.201813:15

Пікір қосу