НегізгіhornavДәстүрhornavЫдыс-аяқ атаулары

Ыдыс-аяқ атаулары

Дәстүр

Ыдыс-аяқ қазақ халқының тұрмысында қолданыста болған, ыдыс-аяқ пен оның атаулары қарапайым өмірден алынған. Ыдыс-аяқтың барлығы дерлік тұрмысқа ыңғайланып қолдан жасалған. Оған мал терілерін, ағаш, металл, тас, қамыс, жүн, балшық т.б. қолданылған.

Ағаштан жасалған  ыдыстар:  астау, аяқ, дүңгіршек, зерен, кепшік, керсен, кеспек, көздей, күбі, қасық, қасқан, ожау, табақ, тегене, тостаған, шара, шөміш, шолпы, елек, саптыаяқ.

Металлдан жасалған ыдыстар: әбдесте, бақыр, бақыраш, қасық, қазан, леген, таба, таған, тегеш, шәугім, шелек, шөген, шанышқы, кәкпір, шылапшын, құман, мосы.

Фарфордан жасалған ыдыстар: аққұман, шәйнек, кесе, ақпар, шыныаяқ.

Балшықтан жасалған ыдыстар: кесе, көзе, көзелек, құмыра.

Тастан жасалған ыдыстар: тасқұман.

Қамыстан жасалған ыдыстар: мардан.

Жүннен жасалған ыдыстар: аяққап, боғжама, боқша, дорба, кесекқап, қанар, қапшық, қоржын.

Теріден жасалған ыдыстар: бөрдек, долық, жан торсық, көнек, күпсер, қауға, мес, оқшантай, саба, сүйретпе, талыс, торсық, түйемойнақ, шанақ, шөншік, шынықап.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ойын түрлері

Металл өңдеуде қолданылатын құрал-жабдықтар

Теріден жасалатын бұйымдар

Пікірлер

comments1

Мадина

Керемет матін, маган унады тамаша!!!

comment-date31.10.201602:36

Пікір қосу