Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavДомбыраның құрылысы

Домбыраның құрылысы

Дәстүр

Қазақтың қара домбырасы – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбыраның қазақ тарихында алар орны өз алдына, мәні мен мазмұны, өзіндік қасиеті тым биік. Домбыра әр қазақтың жүрек пернесін шертер күй болып төгіледі, әсем әнге сүйемел болады, өсиетті жыр-толғауларға арқау болады, термелерді тербейді.

Қазақ даласында қалыптасқан күй мектебі осы күнге шейін өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Күй атасы Құрманғазы дүниеге келген батыс топырағынан қаншама күйшілер шығып, әлемді мойындатты.  Домбыра ХХІ ғасыр бренді.

Шығыс халықтарының әрбірінде домбыраға ұқсас бірнеше ішекті аспаптары бар, бірақ қазақ үшін домбыраның орны әрдайым өзгеше.

Домбыраның құрылысы: бас, құлақ, бас тиек, шайтан тиек, мойын, перне, мойынғақ, сағақ, шанақ, ернеулік, көмкерме, шанақша, белағаш, сулық, тілше, серіппе, тиек, тұғыл, қақпақ, қауышақ, кергіш, өкшелік, тұғыр, түйметиек, түйір, түйме, желкелік, кіші тиек, өкшетиек, ішек, астаңғы ішек, үстіңгі ішек.

Ұқсас жазбалар

Ою-өрнек түрлері мен атаулары

Ет мүшелерінің атаулары

Ұлттық тағамдар

Пікірлер

comments1

ТУРЛАН

ДОМБЫРАНЫН БОЛШЕКТЕРИ

comment-date24.02.201716:12

Пікір қосу