Онлайн тест

НегізгіhornavДәстүрhornavБояу жасау дәстүрі

Бояу жасау дәстүрі

Дәстүр

Бояу - түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу - пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы. Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштар, пластификаторлар, желімдер, тұрақтандырғыштар, т.б. болуы мүмкін.

Байланыстырғыш еріткіш ретінде табиғи сұйық майлардан алынатын олифтер, олигомерлер мен полимерлердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері (эмальдар), полимерлердің судағы эмульсиялары, органикалық немесе анорганикалық желімдер (силикаттық ерітінділер), т.б. пайдаланылады.

Рауғаштың тамырынан бояу алу

Қыркүйек айында рауғашты түбірімен қазып алып, жіпке тізіп, кептіреді. Кепкен түбірді қажет кезде, ұсақтап келіге салып, түйіп ұсақтайды. Ұсақталған соң, отқа қатты қайнатпай суға бөктіреді. Жылымшы тартып жібігеннен кейін, қоймалжыңын терінің бетіне жағады. Бояу сіңгенше 2 тәулік жайып қояды.

Талдың қабығынан бояу алу

Таулы жерде су жағасына өсетін талдың қабығының да өз бояуы болады. Қабық кептіріліп түйіледі, ұсақталады да суға қайнатылады. Одан кейін үлкен науға құйып, сәл салқындаған соң талқыда әбден иеленіп, жұмсарған ірі қара терісін салып біра айға жуық ұстайды. Қызыл былғарыдан аяқ киім тігіледі.

Жосадан, яғни қызыл топырақтан бояу алу

Табиғаттың өзінде бар қызыл топырақ жар қабақтарында болады. Оны келіге салып ұнтақтап үгітіп алған соң “балықтың майы” секілді сұйықтықты қосып сұйылтады. Сұйық қызыл бояуға  киізді батырып алып ағаш бұйымдарды бояйды.

Қынадан бояу алу

Қынаны жинап алып, суға салып қайнатып, булап бөктіріп қояды да, өңделген  терінің үстіне жағады. Қынамен жүн-жұрқа, тері сүйектерді бояйды.

Анар жемісінің қабығынан бояу алу

Анар жемісінің қабығын кептіріп ұсақтайды, сосын жылы суға салып бөктіреді, жібегеннен кейін қоймалжыңын терінің бетіне жағады. Көбінесе тері тонды бояуға пайдаланады.

Сабын жасау дәстүрі

Итсигек, алабота, түйеқарын, ермен сияқты ащы-сортаң шөптерді өртеп күлін арнаулы ыдыста қайнатады. Ашуы әбден шығып қайнатылған күлді тұндырып қойып, тұнбасын сүзіп алады. Әбден қойытылған тұнбаны ыдысқа немесе шүберекке салып суытады. Суыған тұнба аппақ болып қатып қалады, оны “сахар деп атайды. Сабын жасау үшін сахардың үштен бір бөлігіндей май қосып, суалғанша тағы да қайнатады. Әбден қойылып суалған соң ол қамырша иленеді.

Иленген сахарды кенепке орап домалақтап кептіреді. Сабын қайнатқан әйел сыйлас абысындарына, келіндеріне арнап кішігірім сабынды бөлек орап береді, мұны “бұзаушық” деп атайды. Жуыла келе кішірейген сабынды “таусыншақ алқынды” деп атайды. Абай бір өлеңінде қартайған адамның соңғы өмірін “таусыншақ өмір” деп бейнелейді.

Сабын жасаушы шеберлер әр түрлі хош иісті  гүлдердің сығындысын қосып, сахардың өзін бірнеше рет шайғылап, тұндыру арқылы иісті сабын жасаған. Қазақтың  қолдан жасаған сабынын “қара сабын”, өдірістік тәсілмен жасағанын “ақ сабын”, иісті сабындарын “жұпар сабын” деп атайды.

Ұқсас жазбалар

Киіз үй атаулары

Ыдыс-аяқ атаулары

Балық атаулары

Пікірлер

comments0

Пікір қосу